"Некем сәтсіз болған сияқты": KeshYou тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы ашық айтты
Жарияланған күні:
KeshYou тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова күйеуімен ажырасқалы жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісінде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
2018 жылдың қазан айында тұрмысқа шыққан әнші бүгінде екі ұлды дүниеге әкелген. Алайда, соған қарамастан әнші жеке өмірінде әлдебір проблемалар туындағанын тұспалдап, желіде жазба жариялаған.
"Құдай маған барлығын берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты", - деп жазды ол.
Оның желідегі оқырмандары әншінің бұл жазбасына қатысты өз пікірлерін білдірді.
"Не болып қалды. Әп-әйбат күйеуіңіз, екі ұлыңыз бар еді?", - деп жазған оқырман сұрағына Элизат:
"Өмір болғаннан кейін, бәрі болады екен ғой", - деп жазды ол.
"Елдің бәрі бұл кезеңнен өтеді. Сен де өтесің. Тек сабыр сақтау керек", - деген оқырманына әнші:
"Ендігі бәрі бітті", - деп жауап берген.
"Не болды, ажырасып кеттіңіздер ме?" , - деген сұраққа әнші:
"Жоқ, бірақ жақында иә", - деп жазды ол.
"Сіздің тойыңыздағы әдемі сториздер есімде. Неткен әдемі жұп деп те ойлаған едім. Еекі керемет балапаныңыз бар. Жолдасыңызбен де бала кезден таныссыздар. Кейін бір сторизіңізде сатқындық туралы мұңды цитаталар жарияладыңыздар. Не болды екен деп ойладым. Кейін жолдасыңызбен қайта бірге жүргендеріңізді көріп, қуанып қалған едім. Енді бүгін тағы көңіл күйді түсірдіңіз. Бақытты болыңызшы", - деп жазды оның жанкүйерлерінің бірі.
Айта кету керек, қазіргі таңда Элизат әншіліктен кетіп, шоу бизнеске қайтып оралғысы келмейтінін айтқан. Бүгінде ол сән салонын ашып, бет әрлеуші болып елге қызмет етуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932835-nekem-satsiz-bolgan-siyaqty-keshyou-tobynyn-buryngy-ansisi-zeke-omiri-turaly-asyq-aitty/