Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды": Шоу-бизнестегі тағы бір жұлдызды жұп ажырасып кетті

Опубликовано:

Әсем Көпбаева мен Нұрғиса Әлмұрат
Әсем Көпбаева мен Нұрғиса Әлмұрат: "Гәкку" телеарнасы

2000 жылдың бірінші онжылдығында көпшілікке танылған рок-әнші Әсем Көпбаева өзінің жолдасы, танымал режиссер Нұрғиса Әлмұратпен ажырасып кетті. Бұл туралы әнші Алматы телеарнасының "Paparazzi" бағдарламасында айтты.

Бұдан бірнеше жыл бұрын отандық режиссер Нұрғиса Әлмұратқа тұрмысқа шығып, қызды болған рок-әнші Әсем Көпбаева жеке өміріндегі жаңалықпен бөлісті. Айтуынша, ол қазіргі таңда жолдасымен ажырасып кеткен. Алайда орталарында қызы болғандықтан, қарым-қатынасын түбегейлі үзбеген.

"Нұрғиса екеуіміз араласамыз, сыйласамыз, қызымызды бүгін бірге апардық. Бірақ, бір жылдай болды, бірге тұрмаймыз. Қызымыз болғаннан кейін араласамыз. Өмір болған соң, бәрі де болады. Халық дұрыс түсінеді деп үміттенемін. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды дегендей, екеуіміздің басымыз сыймай қалған шығар", - деді ол.

Еске салсақ, күні кеше KeshYou тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова күйеуінен ажырасқалы жүргенін айтқан болатын. Ол Instagram желісіндегі жазбасында өзінің некесі сәтсіз болғанын айтып, жан сырымен бөліскен. Оқырмандардың сұрағына жауап бере отырып, ол әлі ажыраспағанын, бірақ жақында жолдасы екеуі екі бөлек кететінін мәлімдеді.

Айта кету керек, Элизат 2018 жылы тұрмыс құрып, екі ұл баланың анасы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933096-eki-qosqardyn-basy-bir-qazanga-syimaidy-sou-biznestegi-tagy-bir-zuldyzdy-zup-azyrasyp-ketti/

pixel