Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индира Расылхан: Жалғыз ұлым болса да, келін екеуін бөлек шығарамын

Опубликовано:

Индира Расылхан
Индира Расылхан. Фото: instagram.com/indirarasylkhan/

Индира Расылхан ұлы Асланның он бес жасқа толуына орай желідегі парақшасында жазба арнады. Өз жазбасында ол ұлын тәрбиелеудегі ұстанымы туралы айта кетті.

Индира Расылхан бүгінде төрт баланың анасы. Бірінші некесінен егіз қызы, екінші жолдасынан бір ұл, бір қызы бар.

Бұған дейін БАҚ-қа берген сұқбаттарында ол бірінші күйеуінің танымал өнер иесі болғанын және оның екінші әйелі болғанын жасырмай айтқан болатын. Сондай-ақ, әнші бүгінде екінші жолдасымен де бірге тұрмайтынын көпшілікке жеткізген.

Соған қарамастан, Индира Расылхан балаларының әкесімен достық қарым-қатынасты ұстанғанды жөн көріп, үнемі араласып тұратынын айтқан.

Эстрада жұлдызы 15 жасқа толған ұлы Асланды туған күнімен құттықтап, оның кішкентай күніндегі видеосымен және суретін бөліскен. Суретте ол балаларының әкесімен бірге түскен.

"Асланға мына жерде 8 жас. Кеше ғана балалығымен бізді күлдіріп, сан түрлі жауаптармен таңқалдырған ұлымыз үлкен жігіт болды. Ұлымыз бүгін 15 жасқа толды.

Алланың қалауымен ұлымды дүниеге әкелгенде, ең бірінші кеудеме жатқызғанда, қуаныштан жылағаным есімде түсіп отыр. Балалығын артқа тастап, бозбала шағына қадам жасап, өмірге деген құштарлығымен, ата-аналық махаббатты бойына сіңіріп келеді. Менің жүрегім ғой. Үш қыздың ішінде жалғыз ұл бола тұра, бәріне қамқорлығын көрсететінін қазірден бастап сезінеді. Жігіттік мінезі бар азамат болып келеді. Қалай мақтасам да тілім жалықпайды, ауызым шаршамайды-ау! Биязы мінезі, ақкөңіл пейілі, жұмсақ жүрегіне Алла екі дүние бақытын берсін деп тіледім. Мен ұлыма сенемін!

Бір ұл деп кейін қолымда ұстап отырмаймын. Себебі, отбасылық жауапкершілікті сезінуі үшін келін екеуін қазірден бастап бөлек шығаруға өзімді дайындап жатырмын", - деп жазған ол оқырмандарына ой тастады.

Оқырмандары да оның бұл жазбасына үнсіз қалмады.

"Менің бір ғана ұлым бар. Үйленген соң бөлек шықты. Былтыр мен ауырып қалдым. Содан балам да, келін де "Мама, сіз бізбен тұрасыз" деп айтты. Қазір бірге тұрамыз. Мен ризамын", "Жалғыз баламды 7 жыл бірге тұрып, бөлек шығардым. Қатысып тұрамыз, өте жақсы", "Иә, келісемін. Менің де бір ұл, екі ұызым бар. Аллаға шүкір, келін мен балам бізбен төрт жыл бірге тұрып, өз алдына бөлек шығардық. Қазір бөлек кеткенімен, үнемі біргеміз үйіміз ғана бөлек. Енді олар бізге қамқор, қайта жеке тұрса өздері өмірге қалыптасып, алға қарай ұмтылады. Әйтпесе бірге тұра берсеңіз, бәрі дайын, ешқандай ұмтылыс та болмас еді", - деп тәжірибелерімен бөлісті олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933540-indira-rasylxan-zalgyz-ulym-bolsa-da-kelin-ekeuin-bolek-sygaramyn/

pixel