Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 жас": Роза Әлқожа туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Роза Әлқожа жолдасымен
Фото: Instagram/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа 40 жасқа толуына орай, дүркіретіп той жасады. Шоу-бизнес жұлдызы жаңа жасын барша жақындары мен өнердегі бірқатар әріптестерімен қарсы алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Туған күн иесі той қызықтарымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол мерекелік шарадан фото мен видео жариялады.

"Отыз тоғыз деген жаспен қоштасып, 40 деген белеске қадам бастық. Биыл жолдасым екеуміздің үйленгенімізге - 20жыл! Ақботамыз - 18де! Бейбарысымыз - 20ға толады! Ясинамыз мектепке барды. Алғашқы қоңырауды соқты! Күз - біз үшін берекелі, мерекелі ай. Алланың тойға жеткізгеніне тәуба! Келе жатқан бар қонаққа, атсалысамын деген бар жақыныма оң сапар, амандық тіледім", - деп жазды әнші.

Роза Әлқожаның 40 жасын тойлау барысында оның інісі Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсетті. Ал ұлы Бейбарыс жұлдызды анасына тосын сый жасап, аса әсерлі ән арнады. Өнер иесі мұндайды күтепесе керек. Ол баласы ән айтқанда жылап қалды.

Тойда Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекербеков, Ерғали Әбдірайымов пен Гүлзира Айдарбекова сынды шоу-бизнес өкілдері болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935410-40-zas-roza-alqoza-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel