Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Қытайда қызықты жайтқа тап болды (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/dk.argentinadearsfanclub/

Отандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы фанаттарымен кездесу кезінде айналмалы есіктің арасында қалып қалған. Желіде аталған жайттың видеосы тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Димаш пен фанаттары Қытайда айналмалы есік арасында қалып қойды. Видеода отандық әнші қонақүйден шықпақ болып, есікке қарай беттегені байқалады. Есік алдында оны бір топ жанкүйері күтіп алып, қоршап алады.

Дәл осы сәтте айналмалы есік мұнша көп адамды көтере алмай, істен шыққан. Әнші жанкүйерлерімен бірге есік ортасында қалып қалған. Аздан соң есік қайта іске қосылды.

Тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленген әнші оларға алғысын білдіріп, көлікке отырып жатқанын көруге болады.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ендігі жұмысын Қытайда жалғастыратынын жазған болатын. Осыған байланысты қоғамда бірқатар түсініспеушіліктер орын алып, қазақстандықтар әншіні Қытайға біржолата көшіп кетті деп болжаған еді.

Алайда әншінің анасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, ұлының көрші елге тек қана жұмыс бабымен кеткенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937451-dimas-qudaibergen-qytaida-qyzyqty-zaitqa-tap-boldy-video/

pixel