"Бәрі артта қалды": Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек қайта бас қосты ма
Жарияланған күні:
Елімізде жастар арасында үлкен аудитория жинап, instagram жұлдызы болып үлгерген Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек тағы да желідегі жұрт назарын өздеріне аударды. Бүгінде бір баланың ата-анасы атанған жастар арада болған түрлі жағдайлардан кейін дос болып қалуды ұйғарғанын көпшілікке мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанар Айжанованың қызы алдымен инста-әлемдегі stories-іне бұрынғы күйеуі Қыран Талапбектің ұлымен түскен суретін жариялап, желіні бір шулатып алған болатын.
Күні бойы оқырмандарына басынан кешкен жағдайларды баяндаған блогер ақыр соңында парақшасында маңызды жазбаны бөлісіп, мәлімдеме жасады.
"Бәріміз өмірдің ауыспалы екенін білеміз. Бүгін біз бармыз, ал ертең жоқпыз. Біз жанұя болдық. Бірақ бүгінде бірге емеспіз. Мен және ол. Дәл қазіргі уақытта бізді тек ұлымыз байланыстырады. Назар.
Бақыт, қуаныш және жалпы жақсы сәттер секілді келіспеушіліктер мен ұрыс-керіс те, көз жасы мен реніш те болды. Алайда оның бәрі артта қалды.
Шынайы нәрсе бар. Біздің арамызда бүгінгі таңда достық пайда болды. Одан басқа ештеңе жоқ. Осымен өмірдің бұл тарауын ризашылықпен аяқтаймыз. Менің трансформациям сәтті жүзеге асты!", - деп жазды жас ана.
Айжұлдыз Адайбекованың бұл жазбасы бірден қызу талқыға түсіп, мыңнан аса пікір жинап үлгерді.
Танымал блогердің жазылушылары оған қолдау білдіріп, ақ тілектерін арнады.
Жазбаға пікір білдірушілер арасында Қыран мен Айжұлдызды сынағандар да табылып жатты.
Айта кетерлігі, Жанар Айжанованың қызы өз ойын орыс тілінде жеткізген. Кейіннен Қыран Талапбек те ұлымен түскен суреттерін бөлісіп, екі тілде жазба жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938575-bari-artta-qaldy-aizuldyz-adaibekova-men-qyran-talapbek-qaita-bas-qosty-ma/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.