Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Мақпал Исабекованың күйеуінің суреті тарап кетті

Опубликовано:

Майя Бекбаева жолдасымен, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев, Мақпал Исабекова күйеуімен
Фото: Instagram/mayabekbayeva

Әлеуметтік желіде отандық танымал әнші Мақпал Исабекованың жолдасының суреттері пайда болды. Өнер иесі биыл көктемде тұрмысқа шыққан болатын. Алайда ол осы уақытқа дейін сүйіктісінің кім екенін айтпай, оны жұртшылықтан барынша жасыруға тырысқан еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алдымен, Исабекованың күйеуін оның өнердегі әріптесі Ерке Есмахан көрсетіп қойған. Кейіннен тележүргізуші Майя Бекбаева да ерлі-зайыптының суретін жариялап жіберген.

Фотода олардан басқа Ерке Есмахан мен оның ғашығы Азамат Зенкаев та бой көрсеткен.

Жәния Джуринскаяның тойындағы сәт
Фото: Instagram/mayabekbayeva

Айта кетейік, бұған дейін ғаламтор кеңістігінде Исабекованың Жәния Джуринскаяның тойындағы видеосы тарап кеткен болатын. Онда эстрада жұлдызы үстелде белгісіз ер адаммен отырғанын көруге болады. Қалың көпшілік бірден оны әншінің жолдасы деп болжады.

Майя Бекбаева жолдасымен, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев, Мақпал Исабекова күйеуімен
Фото: Instagram/mayabekbayeva

Еске сала кетейік, Мақпал Исабекова биыл мамыр айында тұрмысқа шықты. Әртіс неке қию салтанатындағы суреттерімен әлеуметтік желіде бөлісті. Алайда оның таңдауы кімге түскені белгісіз болды. Шоу-бизнес өкілі отағасының кім екенін айтудан бас тартты. Мақпал өз сүйіктісі танымал тұлға емес екенін және әлеуметтік желіде көзге түскенді қаламайтынын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939092-zelide-maqpal-isabekovanyn-kuieuinin-sureti-tarap-ketti/

pixel