Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рахман Омар марқұм әйелінен айнымайтын келінін көргенде таңданысын жасыра алмаған

Опубликовано:

Рахман Омар
Рахман Омар. Кадр: YouTube/Менің өмірім

Танымал отандық актер, тележүргізуші Рахман Омар жуырда некесін қиып, шаңырақ көтерген ұлы туралы сөз етті. Айтуынша, тұңғышы марқұм анасынан айнымайтын қызды таныстырғанда қатты таңғалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Hit TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында актер Рахман Омар отбасы туралы айтты.

Ол қазіргі таңда алғашқы отбасынан үш ұл, кейінгі некесінен екі ұл, бір қызды тәрбиелеп отырғанын жеткізді. Тұңғыш ұлы 24 жаста болса, ең кішісі - Мейрамбек үш жарымда.

Рахман Омардың сөзінше, балалар тәрбиесіне келгенде бірінші кезекте ұлтты сүюді дәріптейді. Мәселен, ол қазірден бастап балаларына мақал жаттатып, ұлттық сөз өнеріне баулуда екен. Қазақилаққа тәрбиелеудің негізі мақал-мәтелді санасына сіңіруден бастау алады, деп санайды актер.

Актер сұхбат кезінде отбасындағы қуанышты жайтпен де бөлісе кетті. Жуырда 24 жастағы ұлы Досхан келін әкеліп, әкенің басты арманын ормандаған.

Рахман Омардың айтуынша, Досхан болашақ жарын өзінің бұдан төрт жыл бұрын бақилық болған анасына ұқсатып алған. Сол себепті, алғаш рет келінмен танысқанда, актер қатты таңғалып, тосылып қалғанын айтады.

"Бір ерекшелігі, балам болашақ жарын анасына ұқсатып алған. Тура жас кезі. Өзім де қарап қоям, тіл көзім тасқа. Жалпы келінге деген менде үлкен әкелік, аталық сезім пайда болды. Бұл құбылысты тілмен айтып жеткізе алмайсың. Жотамнан бір тоқ жүріп өткендей әсерде болдым. Талай нәрсені көріп жүрміз, көп нәрсеге таңғала бермейсің ғой. Бұл бір ерекше құбылыс. Бақыттары баянды болсын деп тіледім.

"Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды". Ол өзі сондай мінезі ауыр бала. Мен сияқты эмоцияға қатты берілмейді. Анасына тартқан тұйықтау. Отызға барып үйленем дейтін. Қазір 24-те. Үйленем дегенде аң-таң болдым. "Таптым, әке" деді. "Тапсаң, құдайға шүкір" дедім. Өз адамыңды табу деген үлкен бақыт қой. Келінім де жігіт туралы ойламайтын қыз екен. Биыл ғана Қазақ ұлттық университетін бірітіпті. Оқу қуған, білім қуған бала. Екеуі бір-біріне сай. Сөйтіп, ата болуға дайындалып жатқан жайым бар", - дейді ол.

Актер ұлының үйлену тойын келесі жылы өткізуді жоспарлап отырғанын айтады.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Рахмен Омар ұлы шаңырақ көтергенін айтып, елден сүйінші сұраған. Қуанышты жаңалығын өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939119-toq-zurip-otkendei-boldy-raxman-omar-marqum-aielinen-ainymaityn-kelinin-korgende-tandanysyn-zasyra-almagan/

pixel