Ресейлік "Голос" жобасында ән салған Әміреге төрт бірдей төреші таласып қалды (видео)
Жарияланған күні:
Ел арасында "Әміре", "Бүркіт" аттарымен танылған Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" байқауының келесі кезеңіне жолдама алды. Оның өнеріне төрт бірдей төреші бұрылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әміре көрмей тыңдау кезеңінде Стиви Уандердің "Part-Time Lover" туындысын орындады.
Оның ән шырқау қабілетіне тамсанған төрт бірдей төреші де бұрылды.
Айта кетейік, қазылар алқасының қатарында Дима Билан, Александр Градский, Пелагея және Леонид Агутин бар. Олар Әміренің өнерін жоғары бағалап, өздерінің топтарына шақырды.
Өз кезегінде қазақстандық әнші Дима Биланмен жұмыс істегісі келетінін жеткізіп, қалған төрешілерге бұрылғаны үшін алғысын білдірді.
Бұған дейін қазақ эстрадасының көрнекті өкілі Әділхан Макин де ресейлік "Голос" байқауында келесі кезеңге өткен болатын. Ол Александр Градскийдің тобына қосылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939712-reseilik-golos-zobasynda-an-salgan-amirege-tort-birdei-toresi-talasyp-qaldy-video/