RU

"Нүкте әлі қойылған жоқ": Жуырда ажырасатынын мәлімдеген Элизат Берікова жеке өмірі туралы айтты

Элизат Берікова
Элизат Берікова. Фото: instagram.com/elizaberikova007/

Отандық әнші Элизат Берікова бұдан бір ай бұрын желідегі парақшасында жолдасымен ажырасуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Алайда Hit TV арнасының "Ревю" бағдарламасында ол бұл шешімінің нақты емес екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұхбат барысында әнші жеке өмірі туралы ашық айтқысы келмейтінін, себебі әлі де жолдасымен қарым-қатынасына нүкте қойылмағанын жеткізді.

"Отбасы болғаннан кейін әр түрлі жағдайлармен кездесесің. Ондай жайттар бәрінде болады деп ойлаймын. Әзірге нақты шешімімді айтуға әлі дайын емеспін. Қазір ештең айтпай-ақ қояйын. Себебі, нақты шешім әлі жоқ. Нүкте әлі қойылған жоқ, әлі үтір тұр. Бәрі болуы мүмкін", - деп мәлімдеді әнші.

Еске салсақ, KeshYou тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова күйеуімен ажырасқалы жүргенін жеткізген. 2018 жылдың қазан айында тұрмысқа шыққан әнші бүгінде екі ұлды дүниеге әкелген. Алайда, соған қарамастан әнші жеке өмірінде әлдебір проблемалар туындағанын тұспалдап, желіде жазба жариялаған болатын. Артынша, ол күйеуінің өзге әйелмен көңіл жарастырғанын айтып, тағы бір жазба жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941857-nukte-ali-qoiylgan-zoq-zuyrda-azyrasatynyn-malimdegen-elizat-berikova-zeke-omiri-turaly-aitty/