Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шын бақыттымын": Ақбота Сейітмағамбеттің жазбасын ел қызу талқылады

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде жаңа жазба жариялап, жазылушыларын ойландырып қойды. Өнер иесі қазіргі кезде шынайы бақытты екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет аталыш жазбамен Instagram парақшасында бөліскен.

"Көңілімдегі қазіргі дүние көпке тұрады. Шын бақыттымын", - деп қысқаша түрде өз ойын жеткізді әнші.

Желі қолданушылары жалғызбасты ананың бұл сөздерінен кейін түрлі болжамдар келтірді. Олардың басым көпшілігі әртістің жеке өмірінде өзгерістер орын алып жатқанын топшылады.

Сонымен қатар, көптеген оқырманы Ақботаның бақытты екеніне қатты қуанып, оған өз ақ тілектерін білдірді.

"Бақытты болуға әбден лайық жансыз", "Өміріңізде жақсы азамат жолыққан секілді ғой", "Сұлулықтың эталоны. Бақытыңыз еселене берсін", "Сізді бақытты көру біз үшін үлкен қуаныш", "Жүрегін бір ер адам жаулай алған ғой", "Махаббатыңызды жолықтырдыңыз ба?", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942244-syn-baqyttymyn-aqbota-seiitmagambettin-zazbasyn-el-qyzu-talqylady/

pixel