Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Billboard чартында Lisa-ны шаң қаптырып, үздік төрттікке көтерілді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Димаш Құдайберген Billboard "Hot Trending Songs" чартында төртінші орынға көтеріліп, танымал тай әншісі Lisa-ны шаң қаптырды. Сарапшылар алдағы уақытта Димаш үздік үштікке кіреді деп үміттенуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда музыкалық хит-шеруді Butter атты композициямен корейлік BTS тобы бастап тұр.

Одан кейін Spaceman әнімен 30 жастағы тай әншісі Mew Suppasit (1, 241,174 дауыс) және Favorite туындысымен NCT 127 (1, 160,625) бойзбенді жайғасқан.

Төртінші болып Fly away әнімен Димаш Құдайберген тұр.

Айта кету керек, осыдан екі апта бұрын отандасымыз чарттың 19-сатысында тұрған болатын.

15 күннің ішінде Димаш бірден көшбасшылар қатарына енген.

Бір қызығы, қазақстандық жұлдыз танымал тай әншісі Lisa-ны шаң қаптырған. Қазіргі таңда бір емес екі әнімен үздіктер қатарынан көрінген бойжеткен 6-шы және 7-ші орынға түскен.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген Fly away әнін Сочиде өткен "Жаңа толқын 2021" фестивалінде орындаған болатын.

Топ чарт
Топ чарт: Топ чарт

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942411-dimas-billboard-cartynda-lisa-ny-san-qaptyryp-uzdik-torttikke-koterildi/

pixel