RU

Қайрат Нұртас: Жүрегім соғып тұрғанша, сендер үшін жанымды беремін

Қайрат Нұртас ұлдарымен
Фото: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас кенже баласы Ханды туған күнімен құттықтап, өз әкелік тілегін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас перзентін Instagram желісі арқылы құттықтаған. Өнер иесі баласына қысқаша жазба арнаған.

"Құлыным менің, туған күніңмен. Жүрегім соғып тұрғанша, сендер үшін жанымды берем құлындарым", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы жеке мұрағатынан ұлымен түскен суреттерін жариялап қойған.

Желі қолданушылары да жұлдызды әкенің тілегіне қосылып, Ханды жеті жасқа толуымен құттықтап жатты.

"Өмір жасы ұзақ болсын", "Әкесіндей мықты болсын", "Бастысы дені сау болсын. Қалғаны болады", "Құттықтаймыз, Ханның қызығына тоймай жүре беріңіз", "Бақытты болыңыздар", "Тәтті балапан жолың әрқашан ашық болсын", - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың баласын туған күнімен қалай құттықтағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942965-qairat-nurtas-zuregim-sogyp-turgansa-sender-usin-zanymdy-beremin/