Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Санасы мен жүрегі үлкен": Жұлдыз Әбдікәрімова ұлын туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлымен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың кенже ұлы Хан жеті жасқа толды. Жұлдызды ана перзентін туған күнімен ерекше құттықтап, оған ақ тілегін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова баласының жаңа жасқа толуына орай, Instagram парақшасында оған әсерлі жазба арнаған. Актриса кенжесінің жанашыр әрі өте ұқыпты жігіт болып өсіп келе жатқанын алға тартты.

"Хан балам, ән балам, жан балам. Бүгін өзі 7 жасқа толып, жігіт болды. Алла жетем дегеніңді жолыңа, алам дегеніңді қолыңа берсін, құлыным. Ауырып тұрса да, анашым уайымдайды деп, басқа бөлмеге барып, көрсетпей жөтеліп алады. Сыныбындағы ең "правильный" жігіттердің бірі екен. Үйде де заттары өз орнында тұруы керек. Бала деген аты болмаса, санасы мен жүрегі үлкен. Аман жүр, ел азаматы атан", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары да Әбдікәрімоваға қосылып, Ханды туған күнімен құттықтауға кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942759-sanasy-men-zuregi-ulken-zuldyz-abdikarimova-ulyn-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel