"Жылдар бойы ойландым": Сиви Махмуди ажырасуы жайлы тың мәліметпен бөлісті
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Сиви Махмудидің жеке өмірі бүгінде ел аузында. Өнер иесі жақында ғана он жыл отасқан жолдасымен ажырасып кеткенін жария еткен еді. Ол отағасымен айырылысу туралы шешімді қалай қабылдағанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сиви Махмуди балаларының әкесімен аяқ-асты ажыраса салмағанын жеткізді. Өнер иесі бұл шешімді қабылдамас бұрын, жылдар бойы ойланып келгенін айтады.
"Басқаларды білмедім. Менің шешімім жылдар бойы ойланып қабылданған шешім болды", - деп жауап берді ол Instagram парақшасында.
Оған қоса, Сиви жолдасына қатысты сұраққа да жауап берді. Әнші бұрынғы күйеуінің әлі үйленбегенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сиви Махмуди желіде он жыл отасқан күйеуімен ажырасып кеткенін хабарлаған болатын. Ерлі-зайыптының ортақ үш баласы бар.
Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызы әзірге тұрмысқа шыққысы келмейтінін кесіп айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948176-zyldar-boiy-oilandym-sivi-maxmudi-azyrasuy-zaily-tyn-malimetpen-bolisti/