"Қайта тұрмысқа шыққым келмейді": Сиви Махмуди ажырасуына қатысты жауап берді
Опубликовано:

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди өзінің ажырасуына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі жолдасымен айырылысуының себебін айтпайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сиви Махмуди желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Шоу-бизнес жұлдызы күйеуімен ажырасуына қатысты пікір білдірді. Ол енді қайта тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтты.
"Қайта тұрмысқа шыққым келмейтін сияқты", – деп кесіп айтқан ол кейіннен бұл сұрақты болашақтың еншісіне қалдыратынын жеткізді.
Сондай-ақ, әнші ажырасу себебін айтудан бас тартты.
"Ажырасуымызға не себеп болғанын айтпаймын. Себебі ол ортақ балаларымыздың әкесі. Барлығына жақсылық тілеймін", – деді Сиви.
Айта кетейік, Сиви Махмуди бұған дейін он жыл отасқан күйеуімен ажырасып кеткенін хабарлады. Ерлі-зайыптының ортақ үш балалары бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947945-qaita-turmysqa-syqqym-kelmeidi-sivi-maxmudi-azyrasuyna-qatysty-zauap-berdi/