"Түрік актерлеріне көліктің құнын төледім". Қоянбаевтың фильмі жарыққа шықты

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев түрік актерлерімен
Фото: Instagram/nurlankoyanbayev

Белгілі отандық әзілкеш Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес Түркияда" фильмі көрермендерге жол тартты. Продюсер киноның түсіріліміне қатысты тың мәліметтерді бөлісті. Белгілі болғандай, туындының бюджеті 500 млн теңгені құраған деп жазады Express Қазақстан.

Оқиға желісі әдеттегідей жарасымды әзіл-қалжыңмен өрбиді. Қоянбаевтың бұл фильміне түріктің атақты актері Қадыр Доғулы түскен.

"Түркияда танымал актер Қадыр Доғулы көп көмектесті. Қаражатымыз аз болса да олар бізді қолдап, демеп жіберді. Түрік актерлерінің қаламақысы Еркоштың қаламақысынан көп емес. Жаңа көліктің құнын төледім", — дейді Нұрлан.

"Қазақша бизнес" фильмі келесі жылы Түркияда түрік тілінде түсіріледі екен. Өткен жылы түсірілуі керек кино пандемияның кесірінен тоқтап қалған көрінеді.

"Қазақша бизнес" бес бөліміндегі ең үздік әзілдерін алып бір кино шығардық. Соны түрікшеге аударып, сценариін жазып қойдық. Кинода тек түрік актерлері ойнайды. Біз төбе көрсетпейміз", - деді продюсер.

"Қазақша бизнес Түркияда" фильмі кинотеатрда 30 желтоқсаннан бастап көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948393-turik-akterlerine-koliktin-qunyn-toledim-qoyanbaevtyn-filmi-zaryqqa-syqty/