Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі кезінде алдына барып, алғысымды айтып үлгермедім": Әбдікәрімова Төлеубек Аралбайұлын еске алды

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова мен Төлеубек Аралбай
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова күні кеше өмірден өткен Төлеубек Аралбайды есіне алып, оған деген сағынышын жеткізген. Ол марқұм актерді өнердегі ұстазы ретінде санаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Оған қоса, актриса студент кезінде марқұм Төлеубек Аралбаймен түскен суреттерімен де бөліскен.

"Жақынымды жоғалтқандай күйдемін. Төлеубек Аралбай ағайым келместің кемесіне мініпті. Әлі есімде, студент кезімізде өзгелерден қарағанда менен көп талап ететін. Рөлдерді жақсы сомдап шығуға тырысқан сайын сын айтатын. Мені ағай жеккөреді, не істесем де жақпаймын деген ой пайда болып, сағым сына бастағанда шақырып алып: "Менің талап еткенім - сені жеккөргендіктен емес, потенциалыңның мол екенін көріп, соны шығарғым келгендіктен. Жарайсың, сынып кеткен жоқсың", - деп жұбатып, жігерлендіріп жіберетін. Керек кезде қатал да бола білетін, керек кезінде орнымен ойнап күлдіріп те алатын.
Актерлік шеберліктің фундаментін қалап кеткен ағайларымның бірі - Байтен Омаров болса, екіншісі - Төлеубек Аралбай ағай. Бүгін жаңалықтардан қайтыс болғанын естіп, есеңгіреп қалдым. Студент кезде айтқан сөздері күні кеше болғандай, дауысы құлағыма орала берді. Тірі кезінде алдына барып алғысымды айтып та үлгермеген екем. Алла алдыңыздан жарылқасын, ағай", - деп қайғыра жазды өнер иесі.

Айта кетейік, 20 қаңтарда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай дүниеден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952259-tiri-kezinde-aldyna-baryp-algysymdy-aityp-ulgermedim-abdikarimova-toleubek-aralbaiulyn-eske-aldy/

pixel