"Үйімді сатылымға қойдым": Мадина Сәдуақасова шетелге көшу туралы ойын айтты
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова Түркиядан алған пәтерін сатып жіберіп, енді Алматыдағы үйін де сатылымға қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Мадина Сәдуақасованың Instagram парақшасынан белгілі болды. Өнер иесі оқырмандары өзіне жолдаған барлық сұрақтарға жауап берген.
Үйін сатқалы жатқан әнші алдағы уақытта үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.
Сонымен қатар, Сәдуақасова шетелге көшуге қатысты өз ойын айтты. Желі қолданушылары әртістің жаппай үйлерін сатып жатқанына қарап, оның өзге елге қоныс аударуы мүмкін деп болжаған еді.
Алайда, шоу-бизнес жұлдызы бұл болжамдарды жоққа шығарды. Мадина өз мемлекетінен ешқайда көшпейтінін жеткізді.
"Әлемнің ең әсем мемлекетінен қалай көшіп кетуге болады? Ешқашан өз елімнен, Қазақстанымнан ешқайда көшпеймін", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953047-uiimdi-satylymga-qoidym-madina-saduaqasova-setelge-kosu-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.