Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіздер білгенде, туған әкем білмей ме?": Айсәуле Бақытбек әкесі туралы сұраған оқырманға шүйлікті

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Жақында ғана ана атанған блогер Айсәуле Бақытбек өзіне сауал жолдаған оқырманына шүйлікті. Жас анаға әкесі жайлы қойылған сұрақ ұнамай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Айсәуле Бақытбекке босанғаннан кейін түрлі сауалдар жаудырған. Алайда, олардың арасында блогер аруға жақпай қалғандар да болған.

Оқырмандардың бірі желі жұлдызынан өзінің ана атанғаны туралы әкесі хабардар ма екенін сұрап, бәлеге қалды.

"Демек, менің ана атанғанымды сіз білесіз де, ал туған әкем білмеуі мүмкін деп ойлайсыз ба? Басыңыз істей ме? Қалай қабылдады деп ойлайсыз? Қуаныштан басқа қандай әсер алуы мүмкін", - деп жауап берді ол.
Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек 18 қаңтар күні алғаш рет ана атанды. Қуанышты жаңалықпен жұлдызды әулет мүшелері бөліскен. Желі жұлдызы жолдасына қыз бала сыйлаған.

Айсәуле Бақытбек босанғаннан кейінгі өзінің алғашқы әсерімен де бөлісті.

Ал бірнеше күннен кейін блогердің күйеуі әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алған болатын. Бұл шараға тек екі жақтың отбасылары ғана қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953254-sizder-bilgende-tugan-akem-bilmei-me-aisaule-baqytbek-akesi-turaly-suragan-oqyrmanga-suilikti/

pixel