Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заң алдында жауап береді": Тамара Асар жанкүйерлерін алаяқтарға алданып қалмауға шақырды

Опубликовано:

Тамара Асар
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар барша оқырмандарына үндеу жасап, оларды алаяқтарға алданып қалмауға шақырды. Өнер иесінің сөзінше, белгісіз біреулер желіде оның атын заңсыз қолданып жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Тамара Асар өзінің Instagram парақшасында ескертті.

"Менің атымды, кәсіби фотоларымды шығарып алаяқтықпен халықты алдап ақша жинаушыларға сенбеңіздер! Өтірік. Ешқандай самаурын ойнатылмайды! Бұлар заң алдында да, жауапқа дайындалар", - деп жазды әнші.

Белгілі болғандай, белгісіз біреулер эстрада жұлдызының атынан оның самаурындарын ойнатпақ болған.

Айта кетейік, бұған дейін Тамара Асар бала сүю үшін қандай амалдарға барғанын айтқан еді. Ол құдайға сыйынып, ата-бабаларына құран бағыштаған.

Сонымен қатар, ол күйеуі мен тұңғышы Қамбардың өзара арақатынасына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесінің сөзінше, олардың арасында құпиялар өте көп екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953470-zan-aldynda-zauap-beredi-tamara-asar-zankuierlerin-alayaqtarga-aldanyp-qalmauga-saqyrdy/

pixel