Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбит Әбдіхалықов келіншегін туған күнімен ерекше құттықтады

Жарияланған күні:

Динара Абдуллина
Фото: instagram.com/dinchikabdullina

Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықов желіде әйелі Динара Абдуллинаны туған күнімен ерекше құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәбит Әбдіхалықов Instagram парақшасында отбасымен түскен суретін жариялап, келіншегін жаңа жасымен құттықтады.

"Бөпетайым, туған күнің құтты болсын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары да актерге қосылып, туған күн иесіне ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, өткен аптада Сәбит Әбдіхалықовтың жары Динара Абдуллин ұл баланы дүниеге әкелген. Бұл өнер иесінің үшінші некедегі екінші перзенті. Ерлі-зайыпты оған Елубай деген есім берген.

Актердің бірінші некеден бір ұлы, екінші некеден төрт қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953765-sabit-abdixalyqov-kelinsegin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/