Әбдіхалықовтың жетінші баласы дүниеге келді

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов
Сәбит Әбдіхалықов . Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық танымал продюсер Сәбит Әбдіхалықовтың отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесі тағы да ұлды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кешелі бері құттықтауларды қабылдап жатқан көпбалалы әке перзентін "Елубай" деп атады. Ол Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырған.

"Алланың қалауымен Елубай өмірге келді. Аллаға мың да бір шүкір", - деп жазды актер.

Айта кетейік, кеше 27 қаңтарда Сәбит Әбдіхалықовтың жары Динара Абдуллинаның ұл босанғаны белгілі болды.

Бұл өнер иесінің үшінші некесінде туған екінші ұлы болды. Одан басқа әртістің бірінші некеден бір ұлы мен екінші некеден төрт қызы бар.

Сонымен қатар, бұл қуанышты жағдаймен Әбдіхалықовты бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаева жеке құттықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953431-abdixalyqovtyn-segizinsi-balasyna-qandai-esim-bergeni-belgili-boldy/