Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі көзім ісіп кетті": Жарқынай Ханайым отадан кейінгі жағдайын айтты (фото)

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Мұрынан ота жасатқан отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желі арқылы оқырмандарына сәлем жолдады. Өнер иесі операциядан кейінгі жағдайын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайымның сөзінше, пластикалық ота ойдағыдай сәтті өткен. Алайда, одан кейін актрисаға тыныс алу қиынға соққан. Ол қазіргі уақытта мұрнымен емес, аузымен демалып жатыр.

"Құрметті достар, менде бәрі жақсы, Аллаға шүкір. Қазір емханаға барамын. Арнайы жасалатын процедуралар бар, соны жасатамын. Екі көзім қатты ісіп, көгеріп бастады.
Бірақ, екінші күні бәрі бірден кетіп қалды. Өз қалпыма ақырындап келіп жатырмын. Операциядан кейін өзім көлік айдап қайттым. Шыдауға болады. Тек үйренбеген жағдай.
Мұрынмен емес, ауызбен демалған жүйкеге әсер етеді екен. Қазір керісінше, ауызбен демалып үйреніп қалыппын. Бүгін ішіндегі түтікшені алды. Бірақ, ауызбен тыныс алуға әдеттеніп қалыппын", - деп жазды ол.
Жарқынай Ханайымның Stories-i
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Өнер иесі көзі ісіп кеткенде қорқып қалғанын жасырмады. Ол ота кесірінен жұмысы тоқтап қалатынына алаңдаған.

"Көзім ісіп кеткенде қатты шошыдым. Тағы он күн үйде отырамын деп алаңдадым. Ал бізде түсірілім мен той бар. Сенесіз бе? Сол күні кешке кете бастады. Ертесіне таңертең мүлдем жоқ болып кетті", - деді Жарқынай Ханайым.
Жарқынай Ханайымның Stories-i
Скриншот: Instagram/jarkynaixanaiym

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955077-eki-kozim-isip-ketti-zarqynai-xanaiym-otadan-keiingi-turin-korsetip-zagdaiymen-bolisti-foto/

pixel