"Әдемі екенімді білемін": Жарқынай Ханайым не үшін ота жасатқанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым отаға жүгінуіне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі бұл қадамға кім үшін барғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Жарқынай Ханайым Instagram парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Шоу-бизнес жұлдызы бет-әлпетіне не себепті өзгеріс енгізгісі келгенін айтты.
"Мен ешкімге ештеңе айтпаймын. Ұнамаса жасатпаңыз. Жасаған адамды даттамаңыз. Ештеңе мәжбүрлеген жоқ. Әдемі екенімді білемін. Иә, қорықпайтыным бар. Бір бойымда он ер адамға татитын батырлық бар. Өмірімде көп көзім жеткен. Армандап, қорқып жүре бергенше, бір рет жасатып көрген жақсы деп ойлаймын.
Өзім үшін. Басқа ешкім үшін емес. Кім қалай ойласа, солай ойласын. Ондай жастан өткенмін. Тіпті біреу үшін таранбаппын. Мен үшін өзіме ұнап, өзімді өзім қалағандай етіп сезіну маңызды", - деп кесіп айтты ол.
Айта кетейік, бұған дейін Жарқынай Ханайым отадан кейін түрін көрсетіп, өз жағдайымен бөліскен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955087-estene-mazburlegen-zoq-zarqynai-xanaiym-ne-usin-ota-zasatqanyn-aitty/