Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдайбергеновтер де бар: Талдықорғандағы филармония өнер ардагерлерін салтанатпен шығарып салды

Опубликовано:

әртістер
Фото: Facebook/Мәрлен Көлбаев

Талдықорғандағы Сүйінбай атындағы облыстық филармония бұдан 25-30 жыл бұрын зейнетке шыққан өнер ардагерлерін салтанатты түрде шығарып салды. Бұл туралы Алматы облысы мәдениет басқармасының жетекшісі Мәрлен Көлбаев Facebook желісінде жазды.

Өнер ордасы ардагерлерге барынша сый-сыяпат көрсеткен. Құрметке ие болғандар арасында белгілі отбасылық ансамбль Қанат және Айтгүл Құдайбергеновтер де бар.

әншілер
Фото: Facebook/Мәрлен Көлбаев

Мәрлен Көлбаевтің сөзінше, бүгін өнер ардагерлеріне мәдениетке қосқан үлесі үшін, сіңірген еңбегі үшін салтанатты түрде құрмет көрсетілген.

Филармония ұжымы оларды лимузинмен қыдыртып, қызыл кілемде қарсы алып, қазақы дәстүр бойынша шапан жауып, барлығына бірдей бағалы сыйлықтар тапсырған.

"Бұдан 25-30 жыл бұрын зейнетке шыққан өнер ардагерлері бүгінгі салтанатты көріп, дән риза болып, мәдениет басқармасы мен облыстық филармония ұжымына шексіз алғысын білдірді", - дейді мәдениет басқармасының жетекшісі.

Сүйінбай атындағы облыстық филармония
Фото: Facebook/Мәрлен Көлбаев

Еске сала кетейік, бұдан бірнеше күн бұрын Қанат және Айтгүл Құдайбергеновтердің халыққа жасаған үндеуі желіде қызу талқыға түскен еді.

Отбасылық ансамблдің үндеуінде өздеріне филармония басшылығы "сахнаны босатыңдар" деп талап қойғаны айтылады. Отандық журналисттің бірі осы жағдайға байланысты елден қолдау сұраған болатын.

Бұған қатысты облыстық мәдениет басқармасы KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, ерлі-зайыпты әншілердің ренішіне не себеп болғанын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955387-qudaibergenovter-de-bar-taldyqorgandagy-filarmoniya-oner-ardagerlerin-saltanatpen-sygaryp-saldy/

pixel