Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димашты сүйіп тыңдайтын индонезиялық ару қазақтың ұлттық киімдерін тігіп жүр (фото)

Опубликовано:

Индонезиялық ару
Индонезиялық ару. Фото: dimashnews.com

Димаштың индонезиялық фанаты қазақтың ұлттық мәдениетін зерттеумен айналысып, нәтижесінде қазақ ұлттың ұлттық киімдерін тігумен айналысуда. Бойжеткен Қазақстанның бірегей мәдениеті оған шабыт бергенін айтты, деп жазады әншінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кики Чан есімді индонезиялық қыз Dimash Indonesian Dears фан-клубының жанкүйері. Ол хобби-косплеймен айналысады. Бойжеткен компьютерлік ойындардың, кинотеатрдың, әдебиеттің, комикстердің, аниме немесе манганың сүйікті кейіпкерлерінің өз қолымен костюмдерін жасайды.

Индонезиялық ару
Индонезиялық ару. Фото: dimashnews.com

Кики Чан қазіргі таңда қазақтың ұлттық мәдениетіне қызығушылық танытып, осы стильде костюмдер жасайды. Кикидің айтуынша, ол бала кезден әлемнің түрлі елдерінің мәдени ерекшеліктерін зерттегенді ұнатады. Ал қазақтың ұлттық киіміне деген сүйіспеншілігінің артуына оған Димаш себеп болыпты.

«Димаш әрқашан туған елінің мәдениетіне үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Жеке Мен үшін Қазақстан мәдениетінің кереметтігі мен бірегейлігі соншалық, маған дәстүрлі қазақ костюмін киіп көру немесе қандай да бір ұлттық музыкалық аспабында ойнап көру өте қызықты болды. Қазақстанның сұлулығы менің жүрегімді және бүкіл әлемдегі барлық Dears-тің жүрегін жаулап алды», – деді Кики Чан.

Фото
Фото: dimashnews.com

Кики Чан ұлттық костюм тігу үшін қазақтың төл мәдениетін ұзақ уақыт зерттегенін айтады. Ол түрлі киім үлгілерін қарап, материалдарын да жіті таңдаған.

Қазақ туы бейнеленген жамылғыны жасау үшін де ол біраз уақыт тер төккен. Ал жамылғының жиегін ол ақ түсті терімен көмкеру арқылы Қазақстандағы қыстың әдемілігін көрсеткісі келіпті.

«Мен байрақты моншақтармен өте мұқият кестеледім. Енді мен бұл киімді үлкен құрметпен киемін, өйткені ту - бұл елдің символы. Мен Индонезия мен Қазақстан арасындағы достықты білдіре отырып, қазақ мәдениетін жақсы білетінімді мақтан тұтамын. Сондықтан мен осы костюмді жасағаныма өте қуаныштымын», – деп бөлісті Кики Чан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955947-dimasty-suiip-tyndaityn-indoneziyalyq-aru-qazaqtyn-ulttyq-kiimderin-tigip-zur-foto/

pixel