Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдарбекова: Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың ажырасып кеткеніне қатысты жауап берді. Оған қоса, ол "ұлы мен келінінің арасына түсті" деген қауесеттерге пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың Мальдив аралдарында өткен туған күні ел арасында қызу талқыға түсті. Қалың көпшілік өнер иесінің демалысқа келіншегі мен балаларымен бірге бармағанына таңғалып, оны сұрақтың астына алған.

Кейбір желі оқырмандары әншінің анасын қатаң сынға алып, оны "ерлі-зайыптының арасына түсті" деп сөкті.

Бұл орайда Айдарбекова өзіне жағымсыз пікір жазушыларға жауап берді.

"Біз жайлы не білесің өзі? Менің кесірімнен ажырасып кеткеніне толық көзің жетіп тұр ма? Өсекшілер, сырттан біреуді жамандағанша, өз өмірлеріңді дұрыстап сүріп алыңдаршы. Менің жанұяма тыныштық беріңдер. Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскілеп, аңдығандарың - отбасымның өмірі болды ғой.
Қайрат, не Жұлдыз менен не жамандық, не айуандық көріпті? Қашан мен араларына түсіппін? 18-дегі бала емес менің дегенімді жасап отырған, жастары 33-34-те.
Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді. Қай ана өз ұрпағын жылатып, сұрпайылық жасаушы еді? Екеуі бірге жүрсе, "жоқ жүрмейсің, мен жүремін" деп отыр ма екенмін көкбеттеніп?!", - деп жазды ол.
Гүлзира Айдарбекова
Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958423-aidarbekova-meni-tyndaityn-ul-kelin-bolsa-nemerelerimnen-azyratpai-qol-ustasyp-zurer-edi/

pixel