Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылхан Төлеповтің қарындасы тұрмысқа шықпақ (видео)

Опубликовано:

Айдана Төлепова ғашығымен
Фото: Instagram/aidopi

Отандық танымал актер Асылхан Төлеповтің туған қарындасы Айдана қалыңдық атанды. Бойжеткеннің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасап, "иә" деген жауабын алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты Айдана Төлепованың өзі әлеуметтік желіде жария етті. Ол өзінің жеке парақшасында жігітінің ұсыныс жасаған видеосын бөлісті.

Бейнежазбада қос ғашықтың арнайы безендірілген мейрамханаға кіріп келе жатқанын көруге болады. Оларды жақын достары күтіп алып, шуға басады. Соңында күйеу жігіт сүйікті аруына үйленуге ұсыныс жасап, сақинасын тағады.

Белгілі болғандай, Айдана Төлепованың ғашығы бұл күнді арнайы 22.02.2022 ерекше датаға орай жоспарлап қойған.

Анықталғандай, бойжеткеннің таңдауы Ринат Иссаев есімді азаматқа түскен. Ол видеограф болып жұмыс істейді.

Қос ғашық өмірлеріндегі аса маңызды күннің сәтті өтуі үшін атсалысқан барша жақындары мен достарына алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958671-asylxan-tolepovtyn-qaryndasy-turmysqa-syqpaq-video/

pixel