Макс Барских әндерін Ресей аумағында пайдалануға тыйым салды
Жарияланған күні:
Украиналық әнші Макс Барских өз музыкасын Ресей Федерациясында кез келген түрде пайдалануға тыйым салатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол Ресей қалаларындағы концерттерін тоқтатып, билет сатып алған адамдарға ақшасын қайтарудан бас тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Макс Барских өзінің музыкасын Ресейде қолдануға тыйым салатыны жөнінде Instagram парақшасында жариялады.
"Мен Ресей Федерациясының аумағында менің музыкамды кез келген түрде барлық радиостанцияға, телеарналарға, фильмдер мен сериалдарға саундтрек ретінде де қолдануға тыйым саламын. Менің әндерім Украинада соғыс бастаған елде естілгенін қаламаймын!
Мен әндерімнің бүкіл каталогын Ресей Федерациясының сандық кеңістігінен аламын және барлық украиналық артистерге де солай жасауды ұсынамын!", - дейді музыкант.
Сондай-ақ, ол ресейлік компаниялармен барлық келісімшартты бұзатынын жеткізді.
"Ресей аумағы менің географиямнан шығарылады", - деді ол.
Әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірі әншіден Ресейдегі концерттеріне сатып алынған билеттердің ақшасын қайтару туралы сұрады.
Ал Макс Барских жанкүйерлерге қаражатты қайтарғысы келмейтінін жеткізді.
"Ол (қаражат - ред.) Украинаға гуманитарлық көмек ретінде жіберіледі", - деді Макс Барских.
"Мен Шығыс Еуропа халқы үшін әлем бойынша концерт ұйымдастырып келдім, алдағы уақытта да ұйымдастырамын. Ресей мені жарыққа шығарды деп кім айтты? Менің ол жаққа барғанымның өзі сіздер үшін сәттілік болды. Құдайға шүкір, сіздердің қалаларыңызға бармайтын болғандықта, бос уақытым пайда болды", - деп жазды Барских өз парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960277-maks-barskix-anderin-resei-aumagynda-paidalanuga-tyiym-saldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.