Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сатқындық деп қабылданды": Комаровский Украина мен Ресей арасындағы жанжалдың басты себебін атады

Опубликовано:

Евгений Комаровский
Видеодан кадр: Youtube/Арманжан Байтасов

ТМД елдеріне танымал балалар дәрігері Евгений Комаровский қазақстандық медиа саласының маманы Арманжан Байтасовқа Украинада болып жатқан жағдай туралы сұхбат берді. Дәрігер Украина азаматы ретінде Ресеймен арадағы жанжалдың себептерін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Комаровский Арманжан Байтасовтың Украинадағы жағдайдың неден басталғаны туралы сауалына саяси тұрғыда емес, қарапайым азамат ретінде жауап беріп көрді.

"Мен бұл сұраққа, ең алдымен, саясаттанушы емеспін деп жауап бергім келеді. Менен біреулер аурулар туралы сұраса, мен оған біздің іс-әрекетімізден, күнделікті өмір салтымыздан қандай қате кеткенін айта аламын. Сол себепті менің жауабымды сарапшы пікірі ретінде қабылдамауыңызды өтінемін.

Жалпы адам ретінде көзқарасымды айтайын. Менің пікірімше, ең басты мәселе мұнда - Ресей билігі үшін Украинаның тәуелсіз ел болғаны ешқашан аксиома (ред. - дәлелді қажет етпейтін ереже) болған емес. Бұл жалған тәуелсіздік ретінде қабылданды. Ортақ таныс-тамырлар, туыстық қарым-қатынас, экономикалық байланыстар, шикізатқа тәуелділік - украиналықтардың көбі, оның ішінде билік пен кәсіпкерлердің барлығы Ресеймен тығыз қарым-қатынаста болды.

Осылайша Ресейден бөлектенуге ұмтылу, мысалы, өз аумағында жалғыз украин тілін қалдыру немесе тәуелсіз ел ретінде Еуропалық одаққа ену - Ресей үшін сатқындық деп қабылданды.

Басқа бір елдің үкіметі тәуелсіз мемлекетке кіммен достық қарым-қатынаста болып, қандай одаққа кіретінін көрсетіп отыруға құқылымыз деп ойлайды. Міне, басты себеп - осы", - деді Комаровский Ресей мен Украинаның қазіргі қарым-қатынасы жайлы.

Айта кету керек, Евгений Комаровский бұл сұхбатта қазақстандық көрермендерді сыйлағандықтан барынша дипломатиялық сөзсаптамды ұстанғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960217-satqyndyq-dep-qabyldandy-komarovskii-ukraina-men-resei-arasyndagy-zanzaldyn-basty-sebebin-atady/

pixel