Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан ер адаммен бірге тұруға қатысты өз ойын айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан ер адаммен бірге тұру мәселесіне қатысты қандай ойда екенін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі Instagram парақшасында жолданған сұрақтарға жауап беріп, оқырмандарына өзінің көзқарасын жеткізді.

Ерке Есмахан ер адаммен бірге тұру туралы сауалға нақты жауабы жоқ екенін айтты. Әнші оны әзірге өзі де түсіне алмай келе жатқанын алға тартып, желідегілерден кеңес сұрады.

"Сұрайтын адам тауыпсыздар ғой. Ер адаммен болсаң одан гөрі жалғыз өмір сүрген жақсы сияқты, жалғыз болсаң ер адаммен өмір сүрген жақсы сияқты көрінеді. Түсінбей қалдық қой. Қыздар қалай дұрыс? Маған жазыңыздаршы", - деп жауап берді әртіс.

Ерке Есмахан
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан қарапайымдылық ұғымын қалай түсінетінін айтқан болатын. Ол бүгінде қарапайым болудың кемшіл тұстары бар екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960800-tusinbei-qaldyq-qoi-erke-esmaxan-er-adammen-birgu-turuga-qatysty-pikiri-aitty/