Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: Қазіргі заманда қарапайым болсаң, адамдар басыңа шығып кетеді

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан қарапайымдылық деген ұғымды қалай түсінетінін айтты. Өнер иесі қарапайым болудың кемшін тұсы барын айтып, ағынан жарылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан қарапайымдылыққа қатысты өз көзқарасын Instagram парақшасында айтты. Әнші өзі де қарапайым отбасыдан шыққанымен, кейін образы үшін өзгергенін жасырмады.

"Мен қарапайым жанұяда, ауылда дүниеге келіп, бой жетттім. Кейін образ деген пайда болды. Қазіргі заманда қатты қарапайым болсаң, адамдар оны бағаламай, басыңа шығып кететін сәттер болады. Сондықтан қарапайымдылық та орнымен болу керек деп түсінемін", - деп жазды ол.

Айта кетерлігі, Ерке Есмахан бүгінде Дубай қаласына демалуға ұшып кетті. Алайда, эстрада жұлдызы ыстық мекенге кіммен бірге барғанын айтудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960743-erke-esmaxan-qazirgi-zamanda-qarapaiym-bolsan-adamdar-basyna-sygyp-ketedi/

pixel