"Ғұмыр жолың жеңіл болсын": Жұлдыз Әбдікәрімова ұлын туған күнімен ерекше құттықтады
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлы Нарұлды туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өнер иесі перзентіне деген аналық ақ тілегін Instagram парақшасында жолдады. Ол баласын жаңа жасымен құттықтап, оның бойындағы ерекше қасиеті туралы айтып берді.
Сонымен қатар, актриса Нарұлмен түскен видеосын да бөліскен.
"Нар балам, жан балам. Әрдайым ақылымен, кенеттен айтылатын ойлы сөздерімен таңғалдырып жүреді. Алла ғұмыр жолыңды ақ мақтадай жеңіл етсін. Өткен жолы ерекше балалармен, олардың ата-аналарымен кездесуде "Өз балаңызға ауру деп қарамаңыздаршы, олар ерекше жаратылғандар" деп бәрімізді бір жылатып еді. Кездесуден соң "Анашым, бүгінгі кездесуге алып келгеніңізге рақмет, менің (жүргіне ота жасалғанын меңзеп) жалғыз еместігім, мен сияқты ауруымен күрескен батыр балалар бар екенін көрсеттіңіз" деді.
Құлыным, дүниенің байлығы қалтаңда, ал иманың жүрегіңде болсын. Жаратушымыздың ең ғазиз махаббатын сезініп өс. Қалғанына өз ақылыңмен, еңбегіңмен жететініңе еш күмәнім жоқ", - деп жазды ол.
Сондай-ақ Нарұлды жұлдызды апасы да құттықтаған. Гүлзира Айдарбекова да өзінің парақшасында немересіне жазба арнап, оған деген махаббатын білдірген.
"Жүрегімнің қағысы нар баламыз Нарұлымның бүгін туған күні. Ұлдың нары болсыншы деп өзім есімін Нарұл деп қойғанмын. Алла өмір беріп, халықтың нар ұлы болуын Алла жазсын! Туған күнің құтты болсын құлынымның құлыншағы", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960934-gumyr-zolyn-zenil-bolsyn-zuldyz-abdikarimova-ulyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.