Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалтасына орап салып қойды": Иманбаева концертте шашын жұлып алған ер адам туралы айтты

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева концертте
Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva_official_fan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева сахнада орын алған келеңсіз оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бейтаныс ер азамат ән салып тұрған әртістің артынан келіп, оның шашын жұлып алған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаева желіде қызу талқыға түскен видеосына қатысты түсініктеме берді. Өнер иесі белгісіз азаматтың шашын жұлып алғанын растады. Алайда, ол ер адамның бұл әрекетке не үшін барғанын білмейтінін айтты.

"Менің телефоныма, дайректке кешелі бері бір тыным болып жатқан жоқ. Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоға өзім түсініктеме бере кетсем. Бұл оқиға 22 наурыз күні, Шымкент қаласының алаңында болған, сахнадан төменге түскен бетім сол еді, видеоны мұқият қарасаңыздар артқы жағымнан бейтаныс бір кісі келіп расында бір уыс шашымды ауыртып жұлып алды да, қалтасына орап салып қойды. Не себепті бұлай жасағанын білмедім, әрине, бір Алланың көзі түзу болсын дедім де, қойдым", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін бейтаныс азаматтың Айгүл Иманбаеваның шашын жұлып алғанын жазған болатынбыз. Аталмыш видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962363-qaltasyna-orap-salyp-qoidy-imanbaeva-koncertte-sasyn-zulyp-algan-er-adam-turaly-aitty/