"Әкесінің баласы": Әли Оқапов әкесімен түскен суретін жариялады
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Әли Оқапов желіде әкесімен түскен суретін жариялап, елді сүйсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өнер иесі сәби кезіндегі фотосын Instagram парақшасында бөлісті. Онда әншінің әкесімен кілемнің үстінде жатқанын көруге болады.
Желі қолданушылары ерекше отбасылық суретке тәнті болып, әртіс пен оның әкесіне жылы лебіздерін білдірген. Оқырмандар олардың өзара ұқсастығын жарыса жазды.
"Не деген тәтті фото", "Әкесінің баласы", "Қандай күшті, жылы, шыншыл фото", "Жаны жәннатта болсын", "Әкенің көшірмесі, бақытты бол", "Әли, сені солай еске аламын!", "Өте жылы фото", "Әлидің зерделілігі мен жоғары мәдениеті әкесінен дарыған", "Не деген жылы сурет", "Қандай керемет. Балалық шаққа жетер ештеңе жоқ", "Бақытты балалық шақ деген осы", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Еске салсақ, бұған дейін Әли Оқапов бала күнгі видеосын жария еткен еді. Желі қолданушылары Әлидің 20 жылда еш өзгермегенін атап өткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962619-akesinin-balasy-ali-oqapov-akesimen-tusken-suretin-zariyalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.