Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерден алып, жерге салып жатырсыздар": Әбдікәрімова өзін абысындарымен салыстырғандарға жауап берді

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекованың келіндері
Фото: Instagram/sarkenova.aigerim

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін кейінгі келіндермен салыстырып жатқан көпшілікке жауап берді. Абысындарына қатысты айтылған жағымсыз пікірлер өнер иесінің ашуына тиген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

Ол абысындарының қандай адам екенін айтып, олардың бойындағы ізгі қасиеттерді тізіп шықты.

"Әр адам индивид. Біреуді біреумен салыстырмай, өзіміздің кешегіміз бен бүгінімізді салыстырғанымыз пайдалырақ болар. Өсу бар ма, жоқ әлде өшу бар ма өзіңе есеп бере аласың.

Сол сияқты желіде бізді де салыстыру орынсыз. Әйгерімнің өзіне жарасымды нәзіктігі мен талдырмаш болмысы бар. Ал кеше ғана жаңа табалдырық аттаған Жібекті "Неге күлмейді, түсі суық" деп жерден алып жерге салып жатырсыздар. Жаны қандай таза, ең алғаш танысқан сәттен бастап "жеңге" деп құрақ ұшып тұрады", - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, жұлдызды әулеттің кенжесі Заңғар Нұртас отбасын құрғалы желі қолданушылары үш келінді өзара салыстыра бастады.

Ал күні кеше Заңғар Нұртас ағасы мен жеңгесін қалай татуластырғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962766-zerden-alyp-zerge-salyp-zatyrsyzdar-abdikarimova-ozin-abysyndarymen-salystyrgandarga-zauap-berdi/

pixel