Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Айым Сейтметова алғаш рет ана атанды (фото)

Опубликовано:

Айым Сейтметова
Фото: Instagram/aiymsm

Қазақстандық танымал актриса әрі блогер Айым Сейтметова алғаш рет ана атанды. Желі жұлдызы қызды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сүйінші хабарды жас ананың өзі Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Актриса қызымен перзентханада түскен алғашқы суретін бөлісіп, елді тәнті етті.

"30.03.2022. Бұл күні мен алғаш рет ана атандым. Қызым, бұл әлемге қош келдің. Сондай тәттісің", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін білдіріп жатыр.

"Бауы берік болсын. Еліне сыйлы азаматша болсын", "Қандай керемет жаңалық", "Сіздің босанғаныңызды біз де асыға күттік. Қызыңыздың дені сау, жолы ашық болсын", "Анасындай сұлу қыз болып өссін", "Балапаныңызды құшағыңызға алуыңызбен. Сізді тек жетістіктерімен қуанта беріңіз", "Қыздарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962802-aktrisa-aiym-seitmetova-algas-ret-ana-atandy-foto/

pixel