Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: Ауылдың құмына аунап өскен қызбын

Опубликовано:

Ерке Есмахан күліп тұр
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзіне қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында сауалнама ашып, жанкүйерлеріне өзі жайлы айтып берді. Әнші бүгінгі жетістіктерінің барлығы халықтың арқасында екенін мойындайды.

Қазіргі уақытта оңтүстік астанада тұрып жатқан әртіс өзінің туып-өскен жерін ұмытпаған. Ол нағыз ауылдың қызы болғанын айтты.

"Ауылдың құмына аунап өскен, ауылдың қара домалақ демей-ақ қояйын, әппақ қызымын", - деп жазды ол.

Сондай-ақ өнер иесі диетаға қатысты өз көзқарасымен бөлісті. Ол азу мен арықтауды ажырата білу керектігін айтты.

"Осы азу деген сөзді түсінбеймін. Ол азып тозып, әбіржу дегенді білдіреді. Ал диета - ол арықтау. Сондықтан азбаңыздар, арықтаңыздар", - деп жазды әнші.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан екінші рет тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірген болатын. Әнші әзірге тағы да отбасылы болуды армандамайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963784-erke-esmaxan-auyldyn-qumyna-aunap-osken-qyzbyn/

pixel