Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Армандамаймын": Ерке Есмахан екінші рет тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан тағы да құрмыс құруға қатысты қандай ойда екенін ашық айтты. Өнер иесі әзірге отбасылы болуды армандамайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ерке Есмахан Instagram парақшасында айтып берді. Әнші ару көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа жауап беруді жөн көрген.

Ол дәл қазіргі уақытта тұрмысқа шығуға ниеті жоқ екенін айтты.

"Мені күйеуге шығарып не істемекшісіздер осы? Мен күйеуге шығуды армандамаймын, шыққым да келмейді. Біраз уақыт өтсін мүмкін ойым өзгерер", - деп жауап берді ол.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Сонымен қатар Ерке Есмахан әншілерге айтылатын сынға қатысты өз пікірін білдірді.

"Не себепті әншілерге негатив көп екенін білмеймін. Не істесе де жақтырмай жатады. Бар өшін әншілерден алып жатады. Бірақ ештеңе етпес. Әркім өз ісіне, өз сөзіне жауап береді ғой Алланың алдында. Әншілер де, жағымсыз пікірлер жазушылар да", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963665-armandamaimyn-erke-esmaxan-ekinsi-ret-turmysqa-syguga-qatysty-oz-oiyn-aitty/

pixel