Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Видеодан кадр: Instagram/meirzhach_tv

Отандық танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тергеу сотының қаулысымен М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасы 10 тәулік мерзімге қамауға алуға өзгертілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, кеше Төребаев пен тағы үш адам тұтқындалған болатын.

Еске сала кетейік, ақпан айында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Алматы тергеу соты оларға кепіл ретінде бұлтартпау шарасын санкциялады.

Кейін Төребаев даулы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, пирамиданың құрылуына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965906-meiirzan-torebaev-pen-meiirxan-serniyazovty-10-taulikke-qamauga-aldy/

jitsu gif