Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: Ана болатынымды сіздерден жасыру мүмкін емес

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде аяғы ауыр екенін жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында ерекше жаңалығын бөлісіп, қалың көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Ана болатынымды сіздерден жасыру мүмкін емес. Ал сүйінші", - деп жазды ол.

Оған қоса Ерке Есмахан УДЗ суретін де жариялап қойды.

Десе де, Еркенің бұл мәлімдемесі рас па әлде жай ғана қалжың ба – ол жағы белгісіз.

Бүгін әншінің ұлы Мүсілім 10 жасқа толғанын ескерсек, Ерке осыны меңзеген болуы да мүмкін.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, жақында Ерке Есмаханға шұғыл түрде ота жасалған болатын. Желі қолданушылары әнші үшін асқан алаңдаушылық танытты.

Өнер иесі отадан кейін халыққа өз жағдайын айтты. Ол ұлын көре алмай қаламын деп қорыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966763-erke-esmaxan-ana-bolatynymdy-sizderden-zasyru-mumkin-emes/

pixel