Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғы ауыр ма": Жұлдыз Өмірғалидің жаңа суреті қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Айқын Төлепбергеннің келіншегі желіде жаңа фотосын бөлісіп, оқырмандардың қызу талқысына қалды. Қалың көпшілік Жұлдыз Өмірғалидің аяғы ауыр екенін болжауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желі қолданушыларының жүктілікке қатысты болжамдарына Instagram желісіндегі фото себеп болған. Олар суретте әншінің іші шығып қалғанын жазып, оның алдағы уақытта сәбилі болатынын топшылады.

"Аяғы ауыр секілді ғой", "Жүкті қыз", "Аяғы ауыр әйелдер – ең сұлу әйелдер", "Шарларға қарап гендер-пати деп ойлап қалдым", - деп жазуда желідегілер.

Алайда Айқын Төлепбергеннің әйелі бұл болжамдарға қатысты ешқандай жауап қатпады. Ол халық арасында тарап жатқан ақпаратты растаған да, теріске шығарған да жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Ерке Есмахан өзінің тағы да сәбилі болатынын хабарлаған еді. Ол барша оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966786-ayagy-auyr-ma-zuldyz-omirgalidin-zana-sureti-qyzu-talqyga-tusti/

pixel