Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас Меккеде ауызашар берді (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kairn_one

Қазақ эстрадасының жарұын өкілі Қайрат Нұртас қасиетті Меккеде ауызашар берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі kairn_one парақшасында тарады.

Онда Қайрат Нұртастың Меккеде 150 адамға ауызашар бергені айтылған.

Кадрдан ғимараттың ішінде Қазақстаннан Меккеге барған отандастарымыздың дастархан басында отырған байқауға болады. Олардың арасында белгілі әнші Төреғали Төрәлі мен әкесі Төреәлі Төлепов те бар.

Бұны көрген желі оқырмандары Қайрат Нұртасқа алғыстарын білдіріп, ниетінің қабыл болуын тіледі.

"Ақылды жігіт", "Бізге де нәсіп етсін", "Ниетің қабыл болсын", "Қайрат нағыз азамат екенсің", "Жарайсың", "Өркенің өссін Қайрат. Қасиетті айда, қасиетті жерде жасаған жақсылың мың есе болып қайтсын", - деді олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің Мекке қаласына қажылыққа бірге аттанғанын жазған едік.

Олардан бөлек Сауд Арабиясында белгілі спортшы әрі жаттықтырушы Ардақ Назаров, боксшы Жанқош Тұраров, актер Дәурен Айдарқұлов, Асылхан Төлепов, Құмар Лұқманов, Нұрсұлтан Жақсыгенов, Уатаев Ерасыл, ақын Бақдәулет Арыстан, әнші Мақсат Базарбай, Жолдасбек Әбдіханов, Сержан әлі Әлібек, Арман Қоңыр бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967015-qairat-nurtas-mekkede-auyzasar-berdi-video/

pixel