Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Рианна алғаш рет ана атанды

Опубликовано:

Раким Майерс пен Рианна
Фото: Instagram/rihannaofficlal

Америкалық әнші Рианна алғаш рет ана атанды. Өнер иесі 13 мамыр күні ұлды болды, деп хабарлайды TMZ басылымы.

Әнші Рианна мен A$AP Rocky лақап атымен танымал рэпер Раким Майерс алғаш рет ата-ана болды. Жұлдызды жұп ұлды болған.

Өнер иесі тұңғышын 13 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында дүниеге әкелген. Әзірге сәбиге қандай ат қойылғаны белгісіз.

Рианнаның аяғы ауыр екені туралы фотограф Майлз Диггстің арқасында белгілі болды. Ол Нью-Йоркте серуендеп жүрген қос ғашықты суретке түсіріп алған.

Рианна қызғылт түсті ұзын күртеше киіп, қалың көпшілікке өзінің ішін көрсеткен. Суреттерден Раким мен Рианнаның аса бақытты екенін бірден көруге болады. Рэп орындаушы ел алдында ғашығының маңдайынан сүйіп алған.

Бұған дейін бірқатар шетелдік басылым Рианнаның аяғы ауыр екенін болжап жазған болатын. Өткен жылы бір мерекелік шараға келгенде әншіні көпшілік жүкті деп ойлап қалды. Өнер иесі денесіне жабысып тұратын киім киіп барған. Бастапқыда оның аяғы ауыр деп топшылаған көпшілік кейіннен Рианна салмақ қосып алды деп есептеді.

Рианна мен Раким 2020 жылы кездесе бастады. Алайда, рэпер сүйіктісімен қосылмай тұрып та өз сұхбаттарында Рианнаға деген махаббатын жасырмай айтып жүрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970230-aigili-rianna-algas-ret-ana-atandy/