Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әсел Жамақаева екінші қызын дүниеге әкелді (видео)

Опубликовано:

Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева
Фото: Instagram/asselya_zhamakayeva

"Auymi" тобының бұрынғы әншісі Әсел Жамақаева тағы да сәбилі болды. Өнер иесі екінші қызын дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықты жұлдызды ананың өзі жария етті. Ол Instagram парақшасында перзентханадан видео жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Әсел Жамақаева бірінші кезекте өзіне үлкен қолдау көрсеткен күйеуі Батыр Байназаровқа өзінің шексіз алғысын жеткізді.

Белгілі болғандай, әнші екінші қызын бүгін, 24 мамыр күні сағат таңғы сегіздерде босанған.

"Сіздер таңғалатын шығарсыздар. Өзіміз де таңғалып отырмыз. Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Батыр, әрқашан қасымдасың. Саған үлкен рахмет. Сенсіз менің қолымнан бұл келмес еді.

Менің махаббатым, арқа сүйерім, қолдаушым. Осындай отағасы үшін Алла тағалама мыңда бір алғыс. Мен сені қатты бағалаймын. Сені жақсы көремін. Күйеуім осы екі сағат бойы менімен бірге тыныс алды", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970791-ansi-asel-zamaqaeva-ekinsi-qyzyn-duniege-akeldi-video/

pixel