Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ортасына түсіп жатады": Жанар Айжанова ене мен келін мәселесіне қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Жанар Айжанова
Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

Жақында "Аппақ келін" телехикаясына түскен Жанар Айжанова бүгінгі қоғамда аса қызу талқыланатын мәселеге қатысты өз пікірін айтты. Белгілі актриса келін мен ене қарым-қатынасы жайлы өз ойын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанар Айжанова бүгінде көп шаңырақ енелердің кесірінен шайқалып жатыр деп есептейді. Ол келінді төпелеу қазақ салтына жатпайтынын кесіп айтты.

Өнер иесі келін мен ене мәселесіне қатысты өз ойын "Қызық Live" бағдарламасында жеткізді.

"Қазіргі таңда осы ене мектебінің жоқтығынан, енелердің біліксіздігінен көп шаңырақ ортаға түсіп жатыр. Қазақтың салтында келген келінді төпелемеген. Біздің сериалда кейіпкеріміз басқа жақтан келген. Басында енесі елдің сөзіне еріп тиісе береді. Артынан дұрысталады.

Біз жеңгелерімізді қатты сыйлайтынбыз. Бізді аналарымыз сыйлатты. Мен мысалы жеңгелерімнің бөлмесіне кіріп көрмеппін. Этикаға жатпайды. Қайынысы, қайын ағалары мен қайын атасы жастардың бөлмесіне кірмейді.

Содан кейін екі жылдай келін үйге үйреніседі. Сол уақытта енесінің бар тәрбиесін өзіне сіңіріп алады да келін енесіне жақын болып кетеді.

Ал қазіргі енелер келінге ақыл айтқаны былай тұрсын. Олар өз балаларын қызғанады. Сөйтіп енелердің біліксіздігінен, келін мен ене арасындағы кикілжіңнен кейін көп жағдайда балалардың махаббаты қайраң қалады, ортасына түсіп жатады. Бұл жерде енелер ақылды болу керек", - деді Айжанова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971926-ortasyna-tusip-zatady-zanar-aizanova-ene-men-kelin-maselesine-qatysty-oiyn-aitty/

pixel