Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыр Байназаров қызына ерекше есім берді

Опубликовано:

Батыр Байназаров отбасымен
Фото: Instagram/asselya_zhamakayeva

Жақында екінші мәрте қызды болған Батыр Байназаров әйелі мен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Өнер иесі перзентіне аса ерекше есім берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Батыр Байназаров өзге әріптестері секілді перзентханада алдында концерт ұйымдастырмаған. Әнші келіншегі мен қызын үйге алып кетуге бір өзі ғана барған.

Алайда жұлдызды әке өз үйін безендіріп, оларға керемет көңіл күй сыйлаған.

Ерлі-зайыпты екінші қызына аса ерекше есім берген. Олар оны Амани деп атады.

"Енді біз үйдеміз. Перзентханадан шығуға туыстарымыз бен достарымызды шақырмадық. Перзентхана алдында суретке түспедік. Үйге қош келдің, Амани", - деп жазды Әсел Жамақаева Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Батыр Байназаровтың екінші қызы дүниеге келгенін жазған болатызбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972041-batyr-bainazarov-qyzyna-erekse-esim-berdi/

pixel