Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басын кесіп алудан тайынбаймыз деді": Ninety One Түркістандағы концерті не себепті өтпей қалғанын түсіндірді

Опубликовано:

"Ninety One" тобы мен Ерболат Беделхан
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ninety One тобы 28 мамыр күні Түркістан қаласындағы концерті не себепті өтпей қалғанын түсіндіріп берді. Жергілікті халық атышулы топтың киелі мекенге келіп, өнер көрсетуіне наразылығын білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ninety One әншілері концерттің болмайтынын бір күн қалғанда білген. Сөздерінше, тұрғындардың наразылығы жігіттердің сыртқы имиджіне тікелей байланысты.

Бұл туралы әртістер "Zamandas" подкастына берген сұхбаты барысында айтып берді.

"Негізі, бүгін біз Түркістанда концерт қоятын болғанбыз. Одан бөлек, облыстық кітапханада жастармен кездесу жоспарда болды. Дегенмен, кеше бізге менеджеріміз хабарласып, Түркістандағы концерттің болмайтынын хабарлады. Себебін сұрасақ, сондағы халық әкімдікке шығып, бізді келмесін деп өтініш білдірген екен.

Сол баяғы жыр. 2015 жылы басталған әңгімеге қайта оралып отырмыз. Бұл біразға дейін болмады. Бірақ енді қайта соған қайтып келіп жатырмыз. Шаштары боялған, сырға таққан жігіттерге сахнадан орын бергілері келмейді.

Бұл бірінші рет болған жағдай емес, етіміз үйренді. Біз концертті кез келген жағдайда абыроймен өткізетін едік, бірақ ұйымдастырушылар мұндай жауапкершілікті мойындарына алғысы келмеді.

Себебі бұл жерде жай ғана наразылық болған жоқ, шағымданғандар көтеріліске шығатынын, тіпті, басымызды кесіп алудан тайынбайтынын жеткізген", - деді топ мүшелері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973294-basyn-kesip-aludan-taiynbaimyz-dedi-ninety-one-turkistandagy-koncerti-ne-sebepti-otpei-qalganyn-tusindirdi/

pixel