Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді бәрін өзгертуім керек": Айсәуле Бақытбек тегін ауыстырғанын айтты

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек күйеуінің тегін алғанын айтты. Кәсіпкер ару тегін ауыстырғандықтан енді барлық құжаттарын өзгертуі керек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айсәуле Бақытбек өмірінде орын алып жатқан кішігірім өзгерістері жайлы Instagram парақшасында айтты. Ол тегін ауыстырып тастағанын алғашқылардың бірі болып өз оқырмандарымен бөлісті.

Алайда блогер ару бұл қадамға өзін не итермелегенін ашып айтпады.

"Адам үлкейгенде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан шықпайды екен. Мен тегімді ауыстырдым, енді бәрін өзгертуім керек! Менің салоным бар. Қысқасы, көмектесіңіздерші! Кеше мен бір апталық демалыстан бас тарттым, өйткені қазір бір жерге ұшу да оңай емес", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айсәуле Бақытбек желіде күйеуімен ерекше видео жариялап, өзінің аса бақытты екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973787-endi-barin-ozgertuim-kerek-aisaule-baqytbek-tegin-auystyrganyn-aitty/

pixel